- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-дың ЖЭЖМ студенті Ораз Әмірхан IMMAF-2025 Азия чемпионатының чемпионы атанды.
ҚазҰУ-дың ЖЭЖМ студенті Ораз Әмірхан IMMAF-2025 Азия чемпионатының чемпионы атанды.
Азия чемпионаты Ливанның Джуния қаласында өтіп, 20 елден келген 400-ден астам спортшыны біріктірді. Үш жас санатын қамтыған бұл ауқымды турнирде Қазақстан құрамасы тағы да өз көшбасшылығын дәлелдеп, командалық есепте қатарынан 11-ші рет топ жарды.
Біріккен Қазақстан ММА федерациясы аккредиттеген 37 спортшы ел намысын қорғады. Олардың 31-і жүлдемен оралып, жоғары дайындық деңгейін және өз салмағында басымдылығын көрсетті.
Біздің университет қауымдастығымыз үшін ерекше қуаныш – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің «Маркетинг» мамандығының 1-курс студенті Ораз Әмірханның жетістігі. Ол 18–20 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 74,8 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, құраманың табысына қомақты үлес қосты. Бұл жеңіс оның жоғары спорттық әлеуетінің жарқын дәлелі болды.
Басқа жаңалықтар