- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаңа Салық кодексі – 2026: Әділ және ынталандырушы салық жүйесіне көшу» атты дөңгелек үстел
«Жаңа Салық кодексі – 2026: Әділ және ынталандырушы салық жүйесіне көшу» атты дөңгелек үстел
2025 жылдың 11 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және Бизнес Жоғары мектебі «Қаржы және есеп» кафедрасы «Жаңа Салық кодексі – 2026: Әділ және ынталандырушы салық жүйесіне көшу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Қазақстанның экономикалық болашағы мен мемлекеттік басқару жүйесінің заманауи даму бағыты үшін ерекше маңызды мәселеге арналған, жаңа кодекстің мазмұнын, оның ел экономикасына ықпалын және оған көшудің негізгі шарттарын талқылауға бағытталды.
Әлемдегі экономикалық құбылмалылық, цифрлық трансформация және әділдік қағидатына деген қоғамдық сұраныс салық жүйесін қайта құруды талап етеді. Сондықтан 2026 жылдан бастап енгізілетін жаңа Салық кодексі тек заңнамалық құжат қана емес, ол — мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің көрінісі, кәсіпкерлік белсенділікті қолдаудың жаңа форматы және экономикалық дамуды ынталандыруға арналған стратегиялық шешім.
Дөңгелек үстел барысында Г.Б. Увакбаева «ҚР жаңа салық кодексі: басты өзгерістер», Н.Ш. Сырлыбаева «Жаңа Салық кодексі өзгерістерінің Қазақстанның банк секторының дамуына әсері», Б.Б. Султанова «2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңа арнайы салық режимдері», А.А. Исаева «Жаңа Салық Кодексі: тиімді салық режимдері», А.З. Арыстамбаева «Жаңа салық кодексі: еңбек келісім шарттары» А. Курбанбаева «Цифрлық салықтық әкімшілендірудің шетелдік тәжірибесі және оны ҚР-ға бейімдеу мүмкіндіктері» тақырыптарында баяндамаларын жасады. Кафедраның түлегі, бакалавриат және магистратура БББ бойынша білім алған, бүгінде логистикалық компанияның бас бухгалтері Нусупова Эльнура да тақырыпқа қатысты өз ойымен бөлісті. Әр тақырып тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылықтар тудырды, қызу талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысының қортындысы бойынша барлық айтылған ойлар мен ұсыныстар жаңа кодекстің сапалы, теңгерімді әрі тиімді болуына өз үлесін қосады. Себебі Жаңа кодекс – бұл ортақ мақсат, ортақ жұмыс және елдің болашағына бағытталған маңызды қадам.