- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да Алматы қаласын дамыту орталығы үшін қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер топтамасы басталды
ҚазҰУ-да Алматы қаласын дамыту орталығы үшін қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер топтамасы басталды
2025 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласын дамыту орталығы үшін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында дәрістер топтамасы бастау алды. Дәрістерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жүргізуде.
Алғашқы дәрісті экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Касенова Г.Е. өткізді. Дәріс «Жеке қаржы» тақырыбына арналды. Сабақ барысында халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңызы мен рөлі кеңінен түсіндіріліп, жеке бюджетті тиімді басқарудың әртүрлі әдістері қарастырылды. Сонымен қатар, қаржылық алаяқтықтың негізгі түрлері мен олардан қорғану жолдарына ерекше назар аударылды.
Дәріс тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, мазмұнды әрі өзекті сұрақтар қойды. Жалпы алғанда, аталған тақырыптың жоғары практикалық маңызға ие екені анық байқалды.
Басқа жаңалықтар