ҚазҰУ-да «Аштықсыз қоғам және салауатты тамақтану мәдениеті» іс-шарасы ТДМ 2 аясында өттіFarabi University

ҚазҰУ-да «Аштықсыз қоғам және салауатты тамақтану мәдениеті» іс-шарасы ТДМ 2 аясында өтті

10 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 10 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Аштықсыз қоғам және салауатты тамақтану мәдениеті» атты іс-шара өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 2-мақсаты «Аштықты жоюға» арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің азық-түлік қауіпсіздігі, салауатты тамақтану мәдениеті және әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болды.

Іс-шараның серіктесі ретінде психолог және филантроп Расима Темербаева жетекшілік ететін «Зейнеткерлер мен мұқтаж жандарға арналған қайырымды түскі ас» қайырымдылық бастамасы қатысты.

Бағдарлама аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

- «Зейнеткерлер мен мұқтаж жандарға арналған қайырымды түскі ас» жобасының таныстырылымы, оның мақсаттары, көмек көрсету форматтары мен әлеуметтік маңызы түсіндірілді;

- азық-түлікпен қамтамасыз етілмеу, жеткіліксіз тамақтану және зейнеткерлер мен мұқтаж азаматтардың әлеуметтік осалдығы мәселелері талқыланды;

- қайырымдылық бастамаларға жеке қатысу мүмкіндіктері, соның ішінде қаржылық қолдау мен волонтёрлік қызмет туралы ақпараттық сессия өткізілді.

Іс-шараға академиялық қауымдастық өкілдері мен студенттер қатысты:

- «Нейроғылым» білім беру бағдарламасының студенттері - 23 адам;

- ҚазҰУ оқытушылары - 1 адам;

- қайырымдылық бастамасының өкілдері мен сыртқы қатысушылар - 5 адам.

Аталған іс-шара қатысушылардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне саналы көзқарасын дамытуға ықпал етті. Қатысушылар ТДМ 2 мақсаттары мен аштық мәселесін шешудегі жеке үлестің маңызын терең түсініп, факультет «Қайырымды түскі ас» бастамасымен серіктестік байланыстарын нығайта отырып, университеттің тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін растады.