Шетелдік студенттер арасындағы «Мен қазірдің өзінде орысша сөйлеймін» байқауы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әрдайым оқытудың сапасына және студенттерге берілетін білімнің деңгейіне үлкен көңіл бөлінеді. Бұл, әсіресе, шетелдік студенттерге қатысты, өйткені салыстырмалы түрде қысқа уақыттың ішінде — бір оқу жылы көлемінде — университетке дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктерге арналған тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары әлемнің әртүрлі елдерінен келген шетелдік студенттеріне орыс және қазақ тілдеріне үйрете отырып, тілдің грамматикасы мен сөздік қоры бойынша базалық, берік, тұрақты білім беруі, сондай-ақ олардың өзі таңдаған тілде дұрыс, таза әрі анық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Жұмыстың нәтижелі әрі тиімді болуы үшін біздің факультет пен кафедраның өзіне тән ерекшелктерін міндетті түрде ескеру қажет. Сондықтан Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде, нақтырақ айтқанда оның №4 тармағы, яғни, «Сапалы білім» мақсатына қол жеткізу аясында, кураторлар өз студенттерімен бірге «Мен қазірдің өзінде орысша сөйлеймін» атты студенттер арасындағы байқау түрінде ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шара өте қызу, белсенді, көңілді және көтеріңкі көңіл күйде өтті.
Кураторлар жағынан келесі ойын ұйымдастырды. Ойын шарты бойынша студенттер тек орыс тілінде сөйлеп, қытай тілінде бірде-бір сөз айтпау. Студенттер ойнап, бір-бірімен «кім грамматиканы жақсы біледі» тақырыбы бойынша сынаққа түсті? Оқытушы доп лақтырып, сұрақтар қойды: алдымен зат есімдердің көпше түрін жасау қажет болды, кейін оқытушы зат есімдерді атады, ал студенттер допты қағып алып, оларға сын есімдер мен есімдіктерді таңдады. Мысалы, оқытушы: «Магазин» — студент: «Магазины»; оқытушы: «Қандай дүкендер?» — студент: «Үлкен дүкендер»; оқытушы: «Кімнің дүкендері?» — студент: «Біздің дүкендер». Бұл жауаптар бір ғана студенттен емес, әр сұрақты педагог әртүрлі студентке доп лақтырып қояды.
Қытайлық студенттер бір-бірімен танысып көруге, орыс тілінде әзілдеуге тырысты, алайда әзірге бұл олар үшін сәл қиын және бәрі бірдей түсінікті емес. Грамматикалық материалды бекітудің мұндай түрі студенттерге ұнады, олар біраз уақыт өткен соң қайта кездесіп, орыс тілінде сөйлеу дағдыларының қаншалықты жақсарғанын көрсеткілері келетінін білдірді. Шетел тілін меңгеру оқытушыдан да, студенттен де тек сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да күнделікті табанды, тынымсыз еңбекті талап етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың университетке дейінгі білім беру факультетінің
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары
Төребекова Р.С. және Мамытбекова Л.К.
Басқа жаңалықтар