ҚазҰУ-де шетелдік ғалымның көшбасшылық дәрісі өттіFarabi University

ҚазҰУ-де шетелдік ғалымның көшбасшылық дәрісі өтті

15 желтоқсан, 2025

 

2025 жылғы 12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде шақырылған шетелдік ғалым, Дебрецен университетінің (Венгрия) PhD докторы Габор Шрамко (Gábor Sramkó) көшбасшылық дәріс оқыды. Іс-шараны Ботаника және агроэкология кафедрасы ұйымдастырды.

“The role of Central Asian mountains in the evolution of the Eurasian steppe biota” тақырыбындағы дәріс Орталық Азияның таулы жүйелерінің Еуразия далалық биотасының қалыптасуы мен эволюциясындағы рөліне арналды. Спикер RAD-seq және толықгеномды секвенирлеу (WGS) әдістеріне сүйенген молекулалық-генетикалық және филогенетикалық зерттеулердің заманауи нәтижелерін ұсынды.

Іс-шараға факультеттің студенттері, магистранттары, докторанттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дәріс биоалуантүрлілік, эволюция және генетика бағытында жұмыс істейтін мамандар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Көшбасшылық дәрісті өткізу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 — «Сапалы білім» мақсатын іске асыруға ықпал етіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және озық зерттеулерді ҚазҰУ-дың білім беру үдерісіне интеграциялауға мүмкіндік берді.