ТДМ 3 аясындағы «Менің репродуктивті денсаулығым: білім, жоспарлау және алдын алу» семинарыFarabi University

ТДМ 3 аясындағы «Менің репродуктивті денсаулығым: білім, жоспарлау және алдын алу» семинары

15 желтоқсан, 2025

Биология және биотехнология факультетінде Генетика және молекулалық биология, сондай-ақ Зоология, гистология және цитология кафедраларының ұйымдастыруымен «Биология» және «Генетика» білім беру бағдарламаларының 1 және 3 курс студенттері үшін ТДМ–3: «Барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатты арттыру» аясында «Менің репродуктивтік денсаулығым: білім, жоспарлау және алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинар әйелдердің репродуктивтік денсаулығының маңызды аспектілеріне арналды және студенттердің жеке ақпараттану деңгейін, денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыруға бағытталды. Семинар барысында гормоналдық денсаулық, бедеуліктің алдын алу, ЭКҰ (экстракорпоралдық ұрықтандыру) ұғымы, оны жүргізудің көрсеткіштері, тиімділігі мен қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.

Жұмыстың маңызды нәтижелерінің бірі ретінде әлеуметтік сауалнама әзірленіп, жүргізілді. Сауалнама репродуктивтік денсаулыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді қамтыды, оның ішінде етеккір циклін бақылау, гинекологқа қаралу, контрацепция және жыныстық өмір туралы білім деңгейі, сондай-ақ университет қабырғасында репродуктивтік денсаулық бойынша ақпарат алуға деген қажеттілік пен қызығушылық бағаланды.

Сауалнама нәтижелері студенттер арасында аталған тақырыптың өзектілігін және қажеттілігін айқын көрсетті, репродуктивтік денсаулық пен жоспарлау мәселелері бойынша негізгі білімдерде олқылықтардың бар екенін дәлелдеді.

Зоология, гистология және цитология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Жаркова И.М.

Генетика және молекулалық биология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Суворова М.А.

Зоология, гистология және цитология кафедрасының оқытушысы Гусейнова Д.Ю.