- Басты бет
- Жаңалықтар
- Дарынды оқушыларға арналған зертханалық талдау әдістері бойынша интенсив-тренинг
Дарынды оқушыларға арналған зертханалық талдау әдістері бойынша интенсив-тренинг
2025 жылғы 01-05 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде биохимиялық талдау әдістері бойынша зертханалық интенсив-тренинг өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің "Дарын" РҒПО-мен әріптестікті, сондай-ақ талантты жастарды үздіксіз оқыту және олардың құзыреттерін дамыту қағидаттарын қолдауға бағытталды, дарынды оқушылар үшін сапалы тәжірибеге бағдарланған білімге ашық қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті.
Зертханалық талдау әдістері бойынша буткемп "Дарын" РҒПО, Galaxy халықаралық мектебімен коллаборацияда өткізілді.
Бағдарлама аясында келесі әрекеттер іске асырылды:
- оқушылар үшін экспресс-дәріс (30 минут) өткізілді: зертханалық практикадағы қауіпсіздік техникасының талаптарын түсіндіру, аспаптармен және жабдықтармен жұмыс істеу алгоритмі, нұсқаулық парақтарына қол қою;
- биотехнология кафедрасының әртүрлі зертханаларына таныстыру сапары ұйымдастырылды;
- биотехнология кафедрасының оқытушысы б.ғ.к. А.А. Мелдебекова әртүрлі био-үлгілерді биохимиялық талдау, есептеулер жүргізу, оқушылардың нәтижелерін түсіндіру және ресімдеу әдістері бойынша практикалық зертханалық тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысты:
- оқытушылар: 1 Дарын РҒПО тарапынан команда басшысы,
- сыртқы қатысушылар: 10-шы және 11 - сыныптардың 9 оқушысы.
Тренинг талантты жастарды үздіксіз оқыту және оларда құзыреттілікті дамыту қағидаттарын қолдауға елеулі үлес қосты. Қатысушылар әртүрлі эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана отырып, биохимиялық талдаулар жүргізудің практикалық дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, факультет "Дарын" РҒПО-мен тұрақты серіктестікке қолдау көрсетіп, дарынды оқушылар үшін сапалы практикалық тәжірибеге бағытталған білімге ашық қолжетімділікті кеңейтуге үлес қосты.
