- Басты бет
- Жаңалықтар
- Университеттің ЦУР 4 аясындағы білім беру және кәсіби бағдар беру бастамалары: инклюзивті, тең қолжетімді және сапалы білімді ілгерілету
Университеттің ЦУР 4 аясындағы білім беру және кәсіби бағдар беру бастамалары: инклюзивті, тең қолжетімді және сапалы білімді ілгерілету
«Кең жұртшылыққа арналған білім беру іс-шаралары» ТДМ 4 аясында Биология және биотехнология факультетінің кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысына жауапты профессор-оқытушылар құрамы 2025 жылғы 3-ші қарашада Алматы қаласының мектептерінің кәсіби бағдар беру мамандарына арналған оқыту семинарына белсенді қатысып, семинарға келген мектеп мұғалімдері мен оқушыларға факультет құрамындағы кафедралар (биотехнология, ботаника және агроэкология, зоология, гистология және цитология, молекулалық биология және генетика, биофизика, биомедицина және нейроғылымдар) бойынша іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік ерекшеліктерін және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырды. Факультеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру көрмесіне Алматы қаласының орта мектептерінің 175-тен аса кәсіптік бағыт-бағдарға жауапты мамандары мен оқушылар қатысты.




Сурет 1. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған кәсіптік бағдар және білім беру іс-шарасы
Сонымен қатар, факультет базасында жүргізіліп жатқан іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері, биология және биотехнология салаларындағы заманауи инновациялық әзірлемелер, зертханалық инфрақұрылымның мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылу тетіктері туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Семинар барысында қатысушыларға факультеттің ғылыми әлеуеті, өндірістік практика мен жұмысқа орналасу перспективалары, болашақ мамандарды даярлаудағы пәнаралық және тәжірибеге бағытталған оқыту тәсілдері таныстырылып, кәсіби бағдар берудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Биология және биотехнология факультетінің профессорлары:
Сарсекеева Фариза Құдайбергенова, Акмуллаева Айжан Сейтхановна, Ерназарова Гулзира Измухановна
Факультет деканының орынбасарлары:
Құсманғазинов Әділ Болатұлы және Датхабаева Гаухар Көбеновна
#SDG4 #QualityEducation #SDG17 #PartnershipsForGoals