Егемен елдің ертеңі!Farabi University

Егемен елдің ертеңі!

22 қазан, 2025

2025 жылдың 22 қазанында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім беру» және №16 «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар» аясында Республика күніне арналған «Егемен елдің ертеңі!» атты интеллектуалды ойын өткізді.

Іс-шараның мақсаты - студенттердің саяси сауаттылығын арттыру, аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ұлттық мерекенің тарихи және рухани мәнін жаңаша қырынан түсіндіру болды.

Ойын екі деңгейден тұрды: қатысушылар ел тарихы, тәуелсіздік жолындағы маңызды оқиғалар, мемлекеттік билік тармақтары, демократия қағидалары, БАҚ-тың рөлі сияқты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, заманауи саясат, танымал компаниялар мен мәдени феномендерге байланысты креативті және логикалық тапсырмалар орындалды. Ойын барысында студенттер тек фактілік біліммен шектелмей, елдің болашағына қатысты өз позицияларын білдіріп, демократиялық қоғамдағы халық билігінің маңызын талқылады. Қатысушылардың белсенділігі мен сыни ойлауы олардың еліміздің саяси дамуына қызығушылығын және отансүйгіш рухын айқын көрсетті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н., «Саясаттану» мамандығының 1-курс магистранттары.