«Атмосфераны жаһандық мониторингісі» оқу пәні аясында «Метеорология» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистранттары үшін «Көміртек ізін азайту жолдары» тақырыбында семинар өтті. Бұл іс-шара университеттің төмен көміртекті даму моделіне көшуге бағытталған бастамалардың бір бөлігі болды.
Семинар барысында қатысушылар көміртектік бейтараптық тұжырымдамасының негізгі аспектілерін қарастырып, университет қызметінің көміртек ізін қысқарту бойынша ықтимал практикалық шараларды талқылады. Климаттық тәуекелдерді басқаруда орнықты тәсілдерді қалыптастырудағы білім беру және ғылыми мекемелердің рөліне ерекше назар аударылды.
Семинарды метеорология және гидрология кафедрасының доцент міндетін атқарушы Кожахметова Э.П. өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар климаттық күн тәртібін білім беру үдерісіне интеграциялауға және болашақ мамандардың заманауи экологиялық сын-қатерлерді жүйелі түрде түсінуіне ықпал етеді.
Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының № 13 — «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсатына сәйкес келеді және академиялық қауымдастықтың жаһандық климаттық мәселелерді шешуге қосқан практикалық үлесі ретінде қарастырылады.