ТДМ 4. «Қызықты көңіл – студенттік өмір»
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына «Қызықты көңіл – студенттік өмір» атты тақырыпта кураторлық түсіндіру сағаты өтті.
Бұл шараның мақсаты – тыңдаушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, студенттік өмірдің маңыздылығын ұғындыру, олардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру және халықаралық студенттер күнінің тарихи мәні мен қазіргі қоғамдағы рөлін түсіндіру. Сонымен қатар, студенттер арасында достық, ынтымақтастық, білім мен мәдениетті құрметтеу құндылықтарын насихаттау. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, Отанына деген сүйіспеншілікке, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға және жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Қиялы кең, ойы ұшқыр, сезімі сергек, ел ертеңін арқалаған жалынды жастарға 17 қараша – Халықаралық студенттер күнінің шығу тарихымен таныстырып түсіндіру.
Студенттік өмір – жастықтың жалынды кезеңі, арман қуып, білімге бас қойған, ізденіспен, жаңалықпен, достықпен өрілетін ғажап шақ. Бұл уақыт – шаршауды білмей, болашаққа сеніммен қадам басатын кезең.
Студент атаулының өзіне тән тілі, өмір салты мен ұмытылмас сәттері бар. «Бірінші жыл – дала, деп жас тамады» деп жырлағандай, бұл күндер – күлкі мен қиындықты қатар арқалаған, өмір мектебінің алғашқы баспалдағы.