ТДМ 4. "40 жыл – 40 кітап"Farabi University

ТДМ 4. "40 жыл – 40 кітап"

15 желтоқсан, 2025

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылар арасында "40 жыл – 40 кітап" марафон негізінде «Жаныма жақын 40 кітап» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – тыңдаушыларға кітап оқудың маңыздылығын ұғындыру, рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және мәдениетті қалыптастыру болды. 

Кураторлық сағат барысында тыңдаушылар өздеріне ерекше әсер еткен кітаптармен бөлісіп, олардың өмірлік мәні, берер тәрбиесі жайлы ой қозғады. Әр тыңдаушы сүйікті шығармасы туралы қысқаша презентация жасап, сол кітаптан үзінді оқыды. 

Кураторлық сағат әдеби орта қалыптастыруға, тыңдаушылардың тіл байлығы мен ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, тыңдаушылар арасында өзара пікір алмасу арқылы кітап әлеміне деген ықылас күшейіп, мотивациялары артты.

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді дана халқымыз. Асылында, кітап – адамның жан дүниесінің айнасы, санасының сәулесі, жүрек пен ақылдың азығы. Ол – үнсіз мұғалім, көнбіс дос, сабырлы ұстаз. Кітап оқыған жан – тарихпен тілдеседі, біліммен сусындайды, ғаламның ғажабын таниды. Адам баласы кітап оқу арқылы ой-санасы артады. Әр кітап – жеке бір әлем. Біреуінен өзіңді танисың, біреуінен өмірді түсінесің, біреуінен жұбату табасың. Кейбірі жараңды жазады, кейбірі биікке жетелейді, ал бірі жай ғана жан тыныштығын сыйлап, өмірге деген көзқарасыңды қайта қалыптастырады.