ТДМ 4. «Сапалы білім – саналы тәрбие негізі»
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 желтоқсан күні А.Байтұрсынұлы мұражайында «Сапалы білім – саналы тәрбие негізі» тақырыбында тағылымды іс-шара өткізілді. Іс-шараға жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары мен ұстаздары, сондай-ақ А.Байтұрсынұлы мұражайының қызметкері Жәмила Айдос Парсаханқызы қатысты.Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) бірнеше бағытымен тығыз байланысты.Атап айтқанда, іс-шара ЦУР 4 – «Сапалы білім» мақсатына сай ұйымдастырылды. Сапалы білім – адамзат дамуының қозғаушы күші, ал саналы тәрбие – сол білімнің нәтижелі болуының негізгі шарты. Білім мен тәрбие қатар жүрген жағдайда ғана қоғамда жауапты, белсенді әрі отансүйгіш азамат қалыптасады.Сонымен қатар, бұл іс-шара ЦУР 16 – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» мақсатын жүзеге асыруға да өз үлесін қосты. Саналы тәрбие алған жастар адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметтің нығаюына ықпал етеді. Мұражайдағы тарихи тұлғалар мен ұлт қайраткерлерінің өмірі мен еңбегі туралы мағлұматтар жастардың азаматтық санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.Іс-шараның тағы бір маңызды қыры – шетелден келген тыңдаушылар үшін мәдени-танымдық мәні. Бұл тұрғыда шара ЦУР 10 – «Теңсіздікті азайту» мақсатына сәйкес келеді. Шетелдік тыңдаушылар Қазақстанның тарихын, мәдениетін, қоғам қайраткерлерін, ғалымдары мен жазушыларын танып-білу арқылы жаңа ортаға бейімделіп, мәдениетаралық түсіністікті арттырды.Саналы тәрбие – жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оның қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесетін басты құралдардың бірі. Мұндай іс-шаралар жастардың өз еліне, жеріне деген құрметін арттырып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыруға мүмкіндік береді.Қорытындылай келе, «Сапалы білім – саналы тәрбие негізі» тақырыбындағы бұл іс-шара білім беру мен тәрбие беру үдерісін Тұрақты даму мақсаттарымен ұштастыра отырып, болашақ ұрпақтың саналы, білімді әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадам болды. Осындай мазмұнды шаралар қоғамның тұрақты дамуына және мемлекеттің өркендеуіне берік негіз қалайды.