Қазақстан – Франция: ғылыми ынтымақтастық жаңа деңгейде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының ғалымдары – Егізбаева Меруерт, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор және Әбдінасыр Назира, PhD, аға оқытушы – халықаралық ғылыми байланыстарды дамыту бағытында маңызды нәтижелерге қол жеткізді.
2025 жылғы 15–23 қараша аралығында ғалымдар Франция Республикасында академиялық іссапарда болды. Іссапар Париж қаласында орналасқан CERCEC – Орыс, Кавказ, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығының ресми шақыртуы аясында ұйымдастырылды.
Сапар барысында француз әріптестерімен бірлескен ғылыми зерттеулер, академиялық алмасу және болашақ халықаралық жобалар мәселелері талқыланды.
Іссапардың келесі кезеңінде, 2025 жылғы 19–20 қараша аралығында, ғалымдар Лиль қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Конференцияда Орталық Азиядағы геосаяси үдерістер мен көші-қон (миграция) мәселелеріне қатысты қазіргі өзекті тақырыптар талқыланып, әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдармен және сарапшылармен ғылыми пікір алмасты.
Аталған іссапар мен конференцияға қатысу «АР23490262 «Тарбағатай өңірінің қазақтары: тарихи этнографиялық зерттеу (XIX-XXI ғ. басы) атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында іске асырылды
Осы нәтижелі кездесулердің маңызды қорытындысы ретінде Қазақстан мен Франция арасында ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойылды.
Бұл келісім екі ел арасындағы ғылыми серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, бірлескен зерттеулер мен академиялық мобильділікке кең мүмкіндік ашады.
🔬📚 Ғылым шекара танымайды!
Басқа жаңалықтар