«Академиялық оқу кезіндегі салауатты өмір салты»
2025 жылдың 22 желтоқсанында Түркітану және тіл теориясы кафедрасында «Академиялық оқу кезіндегі салауатты өмір салты» тақырыбында ашық тәрбие сабағы өтті. Сабақ PhD, доцент Марина Жамбылқызы мен PhD Утемгалиева Насихат Адайханқызының ұйымдастыруымен өткізілді, іс-шараға докторанттар Джонсиова Гүлбақыт пен Омархалиева Мөлдір қатысты.
Сабақ барысында студенттер академиялық оқу үдерісінде салауатты өмір салтының маңызын талқылап, физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану және тынығу жүйесінің оқу тиімділігі мен жалпы денсаулыққа әсері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, биохакинг ұғымы, оның күнделікті өмірде қолдану жолдары және Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттайтын жобалар мен бастамалар қарастырылды.
Іс-шара аясында студенттер шағын топтарға бөлініп, өздерінің күнделікті ұйқы режимі, энергия деңгейі, су ішу әдеті, стресс, физикалық белсенділік пен тамақтану тәжірибесін талдап, рефлексия жасады. Қонақ фитнес-тренердің қатысуымен қысқа практикалық жаттығулар көрсетіліп, сергіту, йога және функционалды қозғалыстар орындалды. Сабақ соңында студенттер салауатты өмір салтын ұстанудың академиялық жетістік пен жеке әл-ауқаттағы рөлін түсініп, өз денсаулығын бақылаудың маңызын айқындады.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының PhD, доценті Марина Жамбылқызы мен PhD Утемгалиева Насихат Адайханқызы, сондай-ақ докторанттар Джонсиова Гүлбақыт пен Омархалиева Мөлдір.