ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс»
2025 жылдың 20 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Мынбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы және «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен 303-топ студенттері Тұрақты дамудың 12-мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағытында маңызды іс-шараға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты қалдықтарды азайту, сұрыптау, қайта өңдеу және қайта пайдалану мәдениетін насихаттау болды, бұл тұрақты және экологиялық таза болашаққа қарай маңызды қадам болып табылады. Тұтыну үшін қайта өңделетін материалдарды жинау – қалдықтарды азайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Іс-шара студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға және тұрақты даму қағидаттарын іс жүзінде енгізуге бағытталды.
Студенттер Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан «Ecosen» қабылдау пунктіне барып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үлгі боларлық қадам жасады.
Іс-шараның басты мақсаты – қалдық көлемін азайтып, оларды сұрыптау, қайта өңдеу және қайта пайдалану мәдениетін дамыту арқылы тұрақты экологиялық даму процесіне үлес қосу болды. Бұл мақсатта студенттер заң факультеті аумағындағы қағаз қалдықтарын жинап, арнайы қабылдау пунктіне өткізді.
Бір тонна қағазды қайта өңдеу орта есеппен 17 ағашты, 30 000 литр суды және айтарлықтай электр энергиясын үнемдейді.
Бұл тәжірибе олардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоғамда экологиялық сананы қалыптастырудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Жауапты тұтыну мен тиімді өндіріс үлгілеріне көшу, экологиялық таза өнімдерді қолдану – Тұрақты даму мақсаттарының ажырамас бөлігі. Ал осындай іс-шараларға қатысу студенттердің болашақта да табиғатты қорғауға белсенді атсалысуына зор ықпал етеді.
Бұл іс-шараның сәтті жүзеге асуы студенттік қауымдастықтың қазіргі таңдағы жаһандық мақсаттарды жүзеге асыруға белсенді қатысуға деген ынта-ықыласының жоғары деңгейін көрсетті. Осындай бастамалар экологиялық жауапкершілік қағидаттарын университеттің күнделікті өміріне енгізуге және оның қоршаған ортаға адами әсерін азайтуға көмектеседі.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы