«Басты құндылық – адам» қағидасын ұстанған қоғамда өмір сүріп келеміз. Бұл — Ата Заңымызда бекітілген негізгі ұстанымдардың бірі. Конституциямызға сәйкес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының сақталуы. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университет ішінде бірқатар тәртіптік және этикалық нормаларды енгізіп, оларды қатаң сақтауды қамтамасыз етіп келеді.
Университетте еңбек тәртібі, қызметтік әдеп және жалпыға ортақ этика жоғары деңгейге көтерілген. Бірінші басшыдан бастап бірінші курс студентіне дейін барлығы оқу мен еңбек ету барысында демократиялық ұстанымдар мен адамгершілік құндылықтарына сүйенеді. Осы мақсатта университетте «ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративтік әдеп кодексі», «ҚазҰУ студентінің ар-ождан кодексі», «Этика жөніндегі кеңес туралы ереже», «Академиялық саясат» және «Академиялық адалдық саясаты» секілді маңызды нормативтік құжаттар толық күшінде жұмыс істейді.
Осы орайда ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің тыңдаушыларына қысқы сессияға дайындық кезеңінде емтихан ережелері таныстырылып, білім сапасын арттыру және академиялық адалдықты сақтау мақсатындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кураторлық сағат барысында тыңдаушылар, әсіресе шетелден келген қазақ диаспора өкілдері, ҚазҰУ-дың академиялық саясаты мен талаптарымен жан-жақты таныстырылды. Негізгі назар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәртібіне және сессияға сапалы дайындалуына аударылды.
Сонымен қатар «Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келесі тармақтар нақты айтылды:
- 2.16.27. Емтихан сессияларының ұзақтығы және емтихан саны бекітілген оқу жоспары мен академиялық күнтізбе негізінде анықталатыны;
- 2.16.28. Білім алушылардың барлық емтихандарды оқу жоспарына сәйкес қатаң түрде тапсыруы қажет екені;
- 2.16.29. Емтихан сессиясының тәртібі арнайы Ережемен реттелетіні;
- 2.16.30. Қорытынды бақылау кезінде студенттердің мінез-құлқына
қойылатын талаптар және академиялық адалдық нормалары түсіндірілгені.
Жүргізілген бұл жұмыстар тыңдаушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, академиялық адалдық қағидаларын берік ұстануына ықпал етті.