- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары аясында отандық тарихи зерттеулерді насихаттау И.Иминовтың «Край – шести городов» еңбегінің тұсаукесері өтті
Тұрақты даму мақсаттары аясында отандық тарихи зерттеулерді насихаттау И.Иминовтың «Край – шести городов» еңбегінің тұсаукесері өтті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдық мерейтойына арналған «40 іс-шара» бағдарламасы аясында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары үшін «Край – шести городов» атты ғылыми еңбектің тұсаукесеріне қатысу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасы базасында өтіп, тыңдаушыларға отандық тарихи зерттеулермен терең танысуға мүмкіндік берді. Тұсаукесер барысында қатысушылар белгілі жазушы әрі тарихшы Исмаилжан Иминовтың еңбегінің мазмұны, зерттелу ерекшелігі және ғылыми маңызы туралы ақпарат алды. Шарада 15-ке жуық баяндамашы сөз сөйлеп, кітаптың тарихи дереккөздерге сүйенуі, этнографиялық және мәдени-тарихи мәліметтерді талдауы жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шараның мақсаты: тыңдаушылардың ғылыми-танымдық көкжиегін кеңейту, тарихи санасын дамыту, дерекпен жұмыс істеу және талдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың мұрасына деген қызығушылығын арттыру. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға терең тарихи білім мен жаңа әсер сыйлады.