- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Jerdin Dostary" қоғамдық бірлестігімен университет аумағында экологиялық акция өткізілді
"Jerdin Dostary" қоғамдық бірлестігімен университет аумағында экологиялық акция өткізілді
25 желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ерікті студенттері "Jerdin Dostary" қоғамдық бірлестігімен университет аумағында экологиялық акция өткізді. Іс-шара аясында студенттер пластик қалдықтарын жинап, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Бұл бастама қоршаған ортаға қамқорлық танытып, жастардың экологиялық сана-сезімін арттыруға бағытталған. Акция нәтижесінде кампус аумағы тазарып қана қоймай, студенттер қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын түсінді.

Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады.

Басқа жаңалықтар
26 желтоқсан, 2025
26 желтоқсан, 2025
26 желтоқсан, 2025