"Jerdin Dostary" қоғамдық бірлестігімен  университет аумағында экологиялық акция өткізілдіFarabi University

"Jerdin Dostary" қоғамдық бірлестігімен  университет аумағында экологиялық акция өткізілді

25 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ерікті студенттері "Jerdin Dostary" қоғамдық бірлестігімен  университет аумағында экологиялық акция өткізді. Іс-шара аясында студенттер пластик қалдықтарын жинап, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.  

Бұл бастама қоршаған ортаға қамқорлық танытып, жастардың экологиялық сана-сезімін арттыруға бағытталған. Акция нәтижесінде кампус аумағы тазарып қана қоймай, студенттер қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын түсінді.  

Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады.