«Шапағатта» шуағын шашқан Жаңа жыл
Бүгін, 24.12.2025 жылы, Жаңа жыл қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне қарасты шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Алматы қаласындағы КММ «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3-бөліміне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында кафедра ұжымы орталықтағы 35 балаға Жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, мекеме қызметкерлерімен өзара пікір алмасты. Факультет деканы Алмас Әуелбекұлы Бектанов балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіліп отырған қамқорлық пен жанашырлық үшін орталық қызметкерлеріне алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
Аталған қайырымдылық шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №10 – «Теңсіздікті азайту» бағыты аясында жүзеге асырылып, әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау, олардың қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуына жағдай жасауға бағытталды.
Жандары ерекше жаралған балаларға қуаныш сыйлау, олардың сөзбен жеткізе алмаса да, көз жанарымен білдірген шынайы сезімі мен риясыз күлкісін көру — жүрекке жылу сыйлайтын, ұмытылмас әсерге толы сәт болды.
Фил.ғ.к. доцент Мусаева Г.А.