Газдалған сусындар – химиялық бақылауда
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Р.Г. Рыскалиева және Л.М Түгелбаева Тұрақты даму мақсаттарының бірінші (1) «Кедейлікті жою» бөлігін жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы мейрамхана қызметкерлерімен «Газдалған сусындардың химиялық құрамы» атты тренинг өткізді. Қызметкерлерге Қазақстанда шығарылатын сусындардың түрлері, олардың химиялық құрамы және кейбір газдарған сутындардың қышқылдығын, көмір қышқыл газының мөлшерін, сахароза мөлшерін анықтауға арналған талдау әдістері көрсетілді, Сусындардың құрамын талдау әдістері өнімнің қауіпсіздігін, сапасын, құрамындағы қоспалар мен зиянды заттардың (қант, кофеин, бояғыштар) мөлшерін анықтау үшін қажет, бұл адам денсаулығына әсерін бағалауға, дұрыс таңдау жасауға және тағамдық өнеркәсіпте сапа стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді.
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері
Р.Г. Рыскалиева, Л.М Түгелбаева
Басқа жаңалықтар