- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мәселелеріне арналған семинар (ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес»)
Тұрақты даму мәселелеріне арналған семинар (ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес»)
2025 жылғы 22 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде тұрақты даму және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған ғылыми семинар өтті. Іс-шара аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы мен «Аналитикалық химия және қоршаған орта химиясы зертханасының» бірлесуімен ұйымдастырылды.
Семинар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 13-мақсаты – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» аясында өткізілді және атмосфералық ауаның сапасын бағалаудың заманауи ғылыми тәсілдерін, ластану көздерін, сондай-ақ олардың халық денсаулығына төндіретін қауіптері мен экономикалық шығындарын талқылауға арналды. Инициативаны спикер ретінде қатысқан «Торайғыров университеті» КЕАҚ ғалымдары қолдады.
Семинар барысында Environmental Science: Advances, Urban Climate және Atmospheric Pollution Research сияқты жетекші халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған зерттеу нәтижелеріне негізделген өзекті ғылыми баяндамалар ұсынылды. Баяндамашылар:
- Раделюк Иван, PhD, «Торайғыров университеті» КЕАҚ қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ.) – «Жоғалған өмірлер, жоғалған қаражат: Қазақстан қалаларындағы PM2.5 бөлшектерімен ауаның ластануының құны» (DOI: 10.1039/d5va00194c).
- Ибрагимова Ольга, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ аға ғылыми қызметкері – «Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының ұшпа органикалық қосылыстармен ластануының сипаттамасы: мониторингтен денсаулыққа қауіпті бағалауға дейін» (DOI: 10.1016/j.apr.2025.102761).
- Турсун Казбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ докторанты және ғылыми қызметкері – «PM2.5 бөлшектері: Қазақстан қалаларындағы химиялық құрамы және басым ластану көздері» (DOI: 10.1016/j.uclim.2025.102706).
Іс-шараға әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдері қатысты:
Студенттер мен оқытушылар – 32 адам
Қала тұрғындары, белсенділер және басқа университеттердің тыңдаушылары – 47 адам
Семинар аясында ұсынылған ғылыми нәтижелердің практикалық маңызы, ауа сапасын мониторингтеу жүйелерін дамыту, экологиялық саясатты жетілдіру және қоршаған орта мен климатты қорғау саласында ғылыми негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Өткізілген семинар тәжірибе алмасуға арналған маңызды ғылыми алаңға айналып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ-тың климаттық зерттеулерді дамытуға және Қазақстан Республикасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда 13-мақсат – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсатын іске асыруға қосқан үлесін растады.
Басқа жаңалықтар