- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі ғылыми әзірлемелердің тұрақты дамуы жолындағы жұмыс берушілер мен зерттеу университеттері ғалымдарының серіктестігінің рөлі»
«Қазіргі ғылыми әзірлемелердің тұрақты дамуы жолындағы жұмыс берушілер мен зерттеу университеттері ғалымдарының серіктестігінің рөлі»
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағытындағы
«Қазіргі ғылыми әзірлемелердің тұрақты дамуы жолындағы жұмыс берушілер мен зерттеу университеттері ғалымдарының серіктестігінің рөлі» тақырыбында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінде 1-курс магистранттарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Спикерлер ретінде Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының профессоры Оспанова А. К.ғылыми зерттеулердің міндеттерін қалыптастыру мен айқындауда жұмыс берушілер серіктестігінің рөліне арналған баяндама жасады. Сонымен қатар Савденбекова Б. Е., PhD, аға оқытушы, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық аясында ғылыми зерттеулерді жоспарлау және орындау әдістері жөнінде баяндама ұсынды.
Іс-шара барысында қатысушыларға ғылыми-зерттеу институттарымен тиімді өзара іс-қимыл орнатудың негізгі қағидаттары, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми коллаборацияның ерекшеліктері түсіндірілді. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің пәнаралық бағыттардың тоғысында дамитынына және ғылымның тұрақты дамуы тәжірибе алмасусыз, серіктестік пен бірлескен ғылыми жобаларды іске асырусыз мүмкін еместігіне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел оқыту және пікірталас форматында өтіп, магистранттардың ғылыми серіктестіктің маңыздылығын түсінуіне, академиялық ортада коммуникация дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ халықаралық және институтаралық ынтымақтастықтың қазіргі ғылымды дамытудағы рөлін ұғынуына бағытталды.
Ұйымдастырушылар: Оспанова А.К., Савденбекова Б.Е., Рахматулаева Д.Т., Бекисанова Ж.Б.
Басқа жаңалықтар