Әзербайжан Республикасының География институтіндегі ғылыми тағылымдамаFarabi University

Әзербайжан Республикасының География институтіндегі ғылыми тағылымдама

27 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 18–23 желтоқсан аралығында География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы — Б.Е. Шимшиков, Т.А. Базарбаева, З.А. Тукенова, Г.А. Мұқанова, Б.Х. Тусупова — Әзербайжан Республикасының География институтінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында қатысушылар институттің ғылыми және зертханалық қызметімен танысып, көшпелі семинарларға қатысты, сондай-ақ Әзербайжанның топырақтарының типтері мен ерекшеліктерін табиғи жағдайларда зерттеді. Тағылымдама бағдарламасы ел өңірлері бойынша ғылыми-танымдық сапарларды қамтыды.

Апшерон – Гобустан, Шамаха – Габала бағыттары бойынша ұйымдастырылған экскурсиялар барысында қатысушылар Әзербайжанның тарихи-мәдени және табиғи әлеуетімен танысып, Насреддин Туси атындағы Шемаха астрофизикалық обсерваториясына, сондай-ақ Габала өңірінің табиғи нысандарына, оның ішінде Нохур көліне барды.

Көшпелі іс-шаралар пәнаралық білімді кеңейтуге және академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға «Sustainable Soil Resource Management and Innovative Approaches in the Context of the SDGs» атты сертификаттар табысталды.

Аталған тағылымдама тұрақты даму және топырақ ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасудың маңызды кезеңі болды.