Қазақстан-неміс университетінің магистранттарына арналған гидрология бойынша дәрістерFarabi University

Қазақстан-неміс университетінің магистранттарына арналған гидрология бойынша дәрістер

24 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Жанабаева Қазақстан-Неміс университетінде «Интеграцияланған су ресурстарын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттарға «Гидрология» пәнінен дәрістер мен практикалық сабақтар циклін өткізді.

Курс аясында су ресурстарын бағалаудың заманауи тәсілдері, гидрологиялық талдау және мониторинг әдістері, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында су жүйелерін орнықты басқару мәселелері қарастырылды. Теориялық білімді су шаруашылығы саласындағы өзекті міндеттерді шешуде қолданудың практикалық қырларына ерекше назар аударылды.

Өткізілген сабақтар еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып, су ресурстары мен орнықты даму саласында жоғары білікті мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталды.