«Діни қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік және серіктестік»Farabi University

«Діни қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік және серіктестік»

26 қараша, 2025

Іс-шара атауы: «Діни қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік және серіктестік»

Өткізілген орны: «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы

Өткізуші: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Ж.У. Кантарбаева

Іс-шараның серіктестері: «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қоры

Іс-шараның мақсаты: Жоғары оқу орны, азаматтық қоғам ұйымдары және әлеуметтік мекемелер арасындағы тиімді әріптестікті нығайту арқылы жастар мен әлеуметтік осал топтардың діни және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерде таралатын діни деструктивтік ағымдарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға бағытталған көпжақты ынтымақтастықты дамыту.

Аталған іс-шара Тұрақты дамудың 17-ші мақсаты – «Тұрақты даму үшін әріптестік» қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинар-тренингті өткізу барысында жоғары оқу орны, азаматтық қоғам институттары және әлеуметтік орталық арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық жүзеге асырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы, сондай-ақ «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қоры арасындағы әріптестік қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған институционалдық өзара іс-қимылдың үлгісін көрсетті.

Бұл ынтымақтастық ғылыми-білім беру әлеуетін, тәжірибелік әлеуметтік қолдауды және азаматтық қоғам ресурстарын біріктіру арқылы жастар мен әлеуметтік осал топтардың ақпараттық, құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында тәжірибе алмасу, білім тарату және әлеуметтік жауапкершілікті бөлісу арқылы тұрақты дамуға бағытталған серіктестік қатынастар нығайтылды.

Осылайша, аталған семинар-тренинг тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында мемлекет, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес сектор арасындағы көпжақты серіктестіктің маңыздылығын айқындап, ТДМ-17 аясындағы тиімді әріптестік механизмдерінің іске асуына ықпал етті.