Алматыда ауаның сапасын басқаруда цифрлық болжау технологиялары талқыланды
30 қазан 2025 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде онлайн форматта Алматы қаласының ауасының сапасын басқаруға арналған цифрлық болжау технологияларын енгізу жобасы бойынша кездесу өтті. Іс-шара Climate Center және «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ қолдауымен, ғылыми ұйымдар мен экологиялық мамандар қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға кеден, қаржы және экологиялық кафедрасының меңгерушісі Г.А.Куаналиева, профессор Д.А. Байдельдинов, доцент м.а. Г.К. Рашева қатысып, өз ұсыныстарын ұсынды.
Кездесудің мақсаты – Алматы қаласында тұрақты және тиімді ауа сапасын басқаруға бағытталған жобаны талқылау, жобаның ғылыми, құқықтық және технико-экономикалық негіздемесін қарастыру. Студенттер, оқытушылар және сыртқы сарапшылар қатысып, қалалық мониторинг жүйелерімен интеграциялау, нормативтік-құқықтық мәселелерді талқылау және жобаның практикалық мүмкіндіктерін қарастырды.
Іс-шара нәтижесінде цифрлық болжау технологияларын енгізудің өзектілігі расталды. Жоба тұрақты қалалық даму, экологиялық қауіпсіздік және деректерге негізделген шешім қабылдауда маңызды құрал ретінде бағаланды. Университеттің әлеуметтік жауапкершілігі мен № 11, 13, 16 ТДМ-ға қосқан үлесі күшейтілді.
