2025 жылдың 23 қарашасында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессор м.а. А.К. Токтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 404 топ қазақ бөлімі студенттерімен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялысында балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Қаракөз» қойылымын тамашаладық. Спектакльдің әсерлі қойылымы, актерлердің шебер ойыны мен музыкалық сүйемелдеуі көрермендерді ерекше атмосфераға бөледі. Студенттер ұлттық мұрамыздың құндылығын сезініп, әсерлі әсер алды. Іс-шара сапалы білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде (44.3.4 университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) ұйымдастырылды.


