«Білім берудегі жасанды интеллект және заманауи оқыту әдістері» атты халықаралық интенсивті семинар-тренингFarabi University

«Білім берудегі жасанды интеллект және заманауи оқыту әдістері» атты халықаралық интенсивті семинар-тренинг

21 қараша, 2025

2025 жылғы 16–21 қараша аралығында Стамбұл қаласындағы «Камберлиташ» жастар орталығында Vefa Atlas, Bahçeşehir University (BAU), Istanbul University (QS, EUR, THE рейтингтерінде бар), Farabi Eurasian Studies Application and Research Center және «Алтын Ғасыр» Зияткерлік орталығының қатысуымен «Білім берудегі жасанды интеллект және заманауи оқыту әдістері» атты 80 сағаттық халықаралық интенсивті семинар-тренинг өтті. Бағдарлама барысында қатысушылар оқу процесіне арналған IT-құралдарды тиімді қолдану дағдыларын жетілдіріп, цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздік деңгейін арттырды, жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктерімен танысты, заманауи білім беру платформалары мен ресурстарын меңгерді, тәжірибе алмасты және курс соңында халықаралық сертификат алды. Қазақстан делегациясының құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің ПОҚ өкілі (Иминова Р.С.), Алматы қаласындағы Еуразиялық агро-техникалық колледждің өкілі (Бекбаева В.К.), Тараз қаласындағы Жамбыл медициналық колледжінің өкілдері (Коккутанова К.О., Мамбетова А.), Жаңаөзен сервистік және жаңа технологиялар колледжінің мамандары (Жандулаев А., Таурбаев К.), сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университетінің академиялық мәселелер департаментінің басшы қызметкерлері (Байзакова С., Омарбекова А., Молдагожина М.) болды. Қазақстандық делегация семинарға белсенді қатысып, ұсынылған материалдарды толық меңгеріп, ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде өткізілген іс-шара үшін және курс оқытушыларына — кәсіби шеберлігі, мазмұнды дәрістері мен қатысушыларға көрсеткен қолдауы үшін ризашылық білдірді.