- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Республика рухы – жастар жүрегінде»: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Республика күніне арналған патриоттық кеш өтті
«Республика рухы – жастар жүрегінде»: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Республика күніне арналған патриоттық кеш өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде БҰҰ-ның №4 Тұрақты даму мақсаты — «Сапалы білім беру» аясында 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне арналған «Республика рухы – жастар жүрегінде» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Философия кафедрасының 1-курс 101-топ студенттері мен олардың кураторы ф.ғ.к., доцент м.а. Г.М. Сембаеваның ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара университет жастары мен №159 мектеп-гимназиясы оқушыларының бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етті. Офлайн форматтағы кездесу әлеуметтік медиадағы кең ауқымды ақпараттық науқанмен ұштасты.
Шара барысында қатысушыларға Республика күнінің тарихи маңызы туралы танымдық дәріс оқылып, студенттер мен мектеп оқушылары өздері дайындаған патриоттық қойылымдарын ұсынды. Г.М. Сембаеваның жетекшілігімен факультеттің әлеуметтік желілерінде өлең оқу, би билеу және ән айту челлендждері жарияланып, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берілді. Студенттердің республика жұртшылығына арнаған мерекелік құттықтау видеоролигі көпшілік назарына ұсынылып, патриоттық рухты асқақтатты.
Бұл іс-шара қатысушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, университеттің халықаралық THE Impact Rankings көрсеткіштері бойынша дәлелдемелік базасын нығайтуға септігін тигізді. Мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты нығайтқан бұл бастама сапалы білім беру мен рухани тәрбиенің үздік үлгісіне айналды. 101-топ студенттері мен білікті ұстаздардың патриоттық тәрбиеге бағытталған мұндай жобалары болашақ мамандардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда стратегиялық маңызға ие.
Басқа жаңалықтар