ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы журналы редакторлар алқасы «Ғылыми мақалаларды жариялаудың кәсіби нормалары: зерттеу әдістері мен редакциялық талаптар» атты ғылыми-әдістемелік семинарға қатыстыFarabi University

ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы журналы редакторлар алқасы «Ғылыми мақалаларды жариялаудың кәсіби нормалары: зерттеу әдістері мен редакциялық талаптар» атты ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты

9 желтоқсан, 2025

 

2025 жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылым бөлімі «Ғылыми мақалаларды жариялаудың кәсіби нормалары: зерттеу әдістері мен редакциялық талаптар» тақырыбында ауқымды ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Іс-шараға ТДМ мақсаттары: сапалы білім беру аясында ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы журналының бас редакторы Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, бас редактордың дінтану ғылыми бағыты бойынша орынбасары Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы мен жауапты редактор Байжұма Самет қатысты. 

Үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) өткен шара қатысушыларға тілдік және ғылыми ортада еркін пікір алмасуға мүмкіндік беріп, түрлі ғылыми мектептердің тәжірибесін тоғыстырды. Шараға қатысқан магистранттар, докторанттар мен жас оқытушылар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, болашақ зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер алды.

Іс-шара соңында тыңдаушылар семинардың мазмұны мен практикалық құндылығын жоғары бағалап, ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Қатысушылар бұл семинардың алдағы ғылыми ізденістерінде бағыт-бағдар болатынын атап өтіп, мұндай кәсіби кездесулердің дәстүрлі түрде жалғасуына үміт білдірді.

Осылайша, Нұр-Мүбарак университетінде өткен ғылыми-әдістемелік жиын жас зерттеушілерді қолдау, ғылыми қауымдастықта кәсіби байланысты кеңейту және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ғылыми контент қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.