Республика күні - Ұлттық мерекеFarabi University

Республика күні - Ұлттық мереке

20 қазан, 2025

2025 жылдың 20 қазанында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының профессор м.а. А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 403-404 топ студенттерімен бірге «Республика күні ұлттық мереке» атты тақырыпта барлық Қазақстандықтарды құттықтады. Республика күні – Қазақстан халқы үшін ел тарихындағы аса маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланып, халықтың еркіндікке, демократиялық даму мен ұлттық бірлікке ұмтылысының символына айналды. Бұл мереке бізге Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық бірегейлікті ұғындырады. Республика күні – тек тарихи дата емес, сонымен қатар еліміздің дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматты біріктіретін ортақ құндылық. . Іс-шара сапалы білім беру саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды (44.3.4 Университет кешенінен тыс білім беру қызметі).