«STEM/IT саласындағы студент қыздардың қажеттіліктерін зерттеу және гендерлік теңдікті қолдау» ТДМ 5 – Гендерлік теңдікFarabi University

«STEM/IT саласындағы студент қыздардың қажеттіліктерін зерттеу және гендерлік теңдікті қолдау» ТДМ 5 – Гендерлік теңдік

30 желтоқсан, 2025

Физика-техникалық факультетінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында STEM/IT саласындағы студент қыздардың қажеттіліктерін анықтауға бағытталған іс-шара өткізілді. Жұмыс онлайн-сауалнама форматында жүргізіліп, студент қыздардың STEM/IT мамандықтарын таңдауға ықпал ететін факторларды анықтау мақсатында талдамалық сипатта болды.

Сауалнама Google Forms, MS Forms және Moodle платформалары арқылы өткізілді және факультет студенттерімен қатар, қалауы бойынша сыртқы қатысушылардан – 30 адамға дейін ақпарат жинақталды. Алынған нәтижелер STEM/IT бағытындағы мансапты таңдауды қолдайтын бағдарламалар, семинарлар немесе бастамаларды анықтауға мүмкіндік берді және техникалық және ғылыми салаларда гендерлік теңдікті қолдауға ықпал етті. Осылайша, ТДМ 5 – Гендерлік теңдік жүзеге асырылды.

Іс-шараның нәтижелері факультет бастамаларын жоспарлау, арнайы бағдарламалар мен семинарларды әзірлеу, сондай-ақ STEM/IT саласындағы студент қыздарды қолдау жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.