ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ӨРНЕГІFarabi University

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ӨРНЕГІ

31 қаңтар, 2026

 

ТДМ-4 Абайға жүгінеміз ғой: «Егер де есті кісілердің қатарында болғыңыз келсе күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір өзіңнен есеп ал!». Өтіп бара жатқан күнтізбелік жылда Фараби университетінің журналистика факультетінде ректорымыз Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен ұжымымызбен бірге атқарылған жұмысқа шолу жасап көрдік.   

📌 Тәжірибеде ысылған танымал майталман мамандар, есімі елге белгілі медианың қайраткерлері дәріскерлік қызметке келді. Жазушы, журналист Әмірхан Меңдеке, телевизия және театр тарланы Асылбек Ихсан, медиаменджерлер Нуржан Жалаукызы , Иманбай Жубай, Жүсіпбек Қорғасбек, Serik Zhanbolat, Serik Abikenuly, Erzhan Tolek, кинопродюсер Нартай Өтеген  сияқты медиа саласындағы майталмандар дәріс оқуға тартылды. 

👨🏻‍🎓👩🏻‍🎓Факультетте Диссертациялық Кеңес ашылып, медиа саласында 7 айдың ішінде Карлыга Мысаева жетекшілігімен 9 PhD докторы диссертация қорғады.

🎓 Факультет тарихында тұңғыш рет мемлекеттік тапсырыс және ақылы бөлімге жазғы қабылдауға 23 докторант оқуға түсті.

🧑🏻‍🏫👩🏻‍🏫Факультет ұжымы Scopus ғылыми базасында 32 мақала шығарды. Бұл факультет тарихындағы ең жоғары көрсеткіш деп нық сеніммен айтамыз.

📚 Факультеттың профессорлық-оқытушылық құрамы 31 оқулық, оқу құралы, монография, дәрістер курсы, практикум, хрестоматия, монография шығарды.     

 ✒️ Дуалды білім беру жүйесі бойынша зертханалық және семинар сабақтары  «Хабар» агенттігі, «Қазақ газеттері» ЖШС, «Атамұра» баспасы, Ұлттық кітап палатасы,  «Қазақфильм» сияқты өндірістік базаларда меморандум аясында жиі өте бастады.

🎓 «Жасанды интеллект және медиа» (AI&Media) қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде магистрлік білім беру бағдарламасы, қоғаммен байланыс мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды.    

📰Факультет магистранттары жасанды интеллект көмегімен қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми-танымдық, инклюзивті газет шығарды.  

📝 LG Electronics Kazakhstan компаниясы қолдауымен AI Media LAB (Жасанды интеллект медиа зертханасы) ашылды. 

📍Факультеттің 1985-жылғы түлегі, мемлекет қайраткері Бейбіт Исабаевтың қолдауымен 3-дәріс залы толықтай жөндеуден өтіп, білім алушылар үшін заманауи LED-экран орнатылды.

🖇️Факультет түлектері Каспи.kz атқарушы директоры Маржан Ельшибаева мен Динара Сатжан қолдауымен Марат Барманқұлов телестудиясы толық жөндеуден өтіп, қайта жабдықталды. 

📺Марат Барманқұлов телестудиясы мен «ALATAU» теларнасы, «Aqsham news» порталы бірлескен конвергентті жобасы - «AI ғылым» хабары ашылды. Хабарды 4-курс білім алушысы Айгерім Есімхан жүргізеді.

💼 ҚазҰУ журналистика факультетінде алғаш рет «Медиаиндустрия және білім беру серіктестігі: кадр даярлау мәселелері» атты республикалық жұмыс берушілер форумы өтті. Форум аясында 46 жұмыс берушімен ынтымақтастық меморандумы жасалды.
  
✒️ Сенатор Bibigul Zhexenbay бастаған Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Цифрландыру дәуіріндегі масс-медиа трансформациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

👛 Журналистика факультетіне бір жылда 26 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылды.