- Басты бет
- Жаңалықтар
- ХVIII ғасырдың аяғындағы Польшаның бөлінуінен бастап мұрағат қорларының тағдыры және олардың тарихи зерттеулерге әсері (бір қаланың елтаңбасы мысалында)
ХVIII ғасырдың аяғындағы Польшаның бөлінуінен бастап мұрағат қорларының тағдыры және олардың тарихи зерттеулерге әсері (бір қаланың елтаңбасы мысалында)
2025 жылғы 17 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде маңызды академиялық іс-шара өтті. №17 Тұрақты даму мақсатын — «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» іске асыру аясында Кардинал Стефан Вышинский атындағы Университеттің (Польша) Тарих институтының профессоры, доктор хабилитус Артур Горак (Artur Górak) қонақ дәрісін өткізді.
Дәріс тақырыбы: «ХVIII ғасырдың аяғындағы Польшаның бөлінуінен бастап мұрағат қорларының тағдыры және олардың тарихи зерттеулерге әсері (бір қаланың елтаңбасы мысалында)».
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
-
Жаһандық серіктестік: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Польшаның жетекші ғылыми орталықтары арасындағы көпжылдық (2018 жылдан бастап) ынтымақтастықты нығайту.
-
Кәсіби даму: «Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету» және «IT-архивтану» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарының біліктілігін арттыру.
-
Әдістемелік алмасу: Болашақ мамандарды мұрағат қорларының шашыраңқы жағдайында жұмыс істеудің еуропалық әдістерімен және микротарихи талдау тәсілдерімен таныстыру.
-
Инновациялық тәсіл: Тарихи жадыны сақтаудағы цифрландырудың рөлін талқылау.
Дәріс барысында профессор Горак геосаяси өзгерістерге байланысты поляк архивтарының көші-қон процестерінің күрделі кезеңдерін егжей-тегжейлі баяндады. Польшаның кішігірім қалаларының бірінің елтаңбасының даму тарихы мысалында архивтық құжаттардың тарихи бірегейлікті қалпына келтірудегі маңыздылығы көрсетілді. Классикалық архивтану мен заманауи IT-технологиялар арасындағы пәнаралық байланыстарға ерекше назар аударылды.
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU