PhD Әуелханқызы Мөлдір «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атандыFarabi University

PhD Әуелханқызы Мөлдір «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

6 қаңтар, 2026

2025 жылдың 24 желтоқсанда өткен Республикалық комиссия шешімімен PhD Әуелханқызы Мөлдір «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Бұл стипендия Америка құрама штаттарының The Pennsylvania State University-тінде 2026 жылдың 3 тамыздан 2027 жылдың 2 тамызына дейін 2. Энергия, озық материалдар мен көлік. 39. Химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми бағытында «Суперконденсаторларға арналған электрод материалы ретінде MXene/нанокеуекті көміртек негізінде композиттерді әзірлеу» атты зерттеу тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.