ТДМ 11. Шетелдік студенттер мәдениет орындарына саяхаттаудаFarabi University

ТДМ 11. Шетелдік студенттер мәдениет орындарына саяхаттауда

13 қараша, 2025

Алматыда танымдық-мәдени орындар өте көп. Осыған орай ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ  ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» апталығы  және тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-11)аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 19-топ тыңдаушылары  Алматының мәдени ошақтарының бірі- отандық кинотеатрлардың біріне бардық.  Қазақстанның  отандық кинотеатрының бірінде  отандық мәдениеттің дамуына үлес қосып жатқан жаңа ғасырдағы түсірілімді тамашаладық. Мәдениет, өнер арқылы өнегелі өмір сүретін текті, тәрбиелі, жан-жақты білімді жастарды қалыптастыру мақсатында осындай іс-шаралардың өтуі, мәдени орындарға бару мәні зор.
Атамекенге келген  қандастар осындай мәдени-тарихи іс-шаранын болып жатқанына ризашылықтарын білдіруде.