ТДМ 4. «Биология мұражайына саяхат»Farabi University
Референдум 15 марта

ТДМ 4. «Биология мұражайына саяхат»

8 қазан, 2025

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде саннан гөрі сапаға басымдық беру – уақыт талабы. Осы бағытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы жаңа оқу жылы аясында тыңдаушылар үшін тәрбиелік-маңызды іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тыңдаушылар биология мұражайындағы бірегей экспонаттармен танысып, Қазақстан аумағында кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғи қорықтар туралы мағлұмат алды. Мұражайға саяхат тыңдаушылардың ғылыми қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және сапалы білім алуға деген ынтасын күшейтті.