ТДМ 4. Тыңдаушыларға ТДМ маңыздылығын түсіндіруFarabi University

ТДМ 4. Тыңдаушыларға ТДМ маңыздылығын түсіндіру

10 қаңтар, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тыңдаушылар арасында Тұрақты даму мақсаттарының маңыздылығын түсіндіруге бағытталған тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді. 

Іс-шараның мақсаты - тыңдаушыларға Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) маңыздылығын түсіндіру, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сапалы білім, денсаулық, әл-ауқат және өмір сүру деңгейін жақсарту бағытында саналы көзқарас қалыптастыру.

Іс-шара барысында тыңдаушыларға ТДМ 1-дің негізгі мақсаты – кедейлікті барлық нысандарында жою екені түсіндірілді. Білім алудың адамның әлеуметтік жағдайын жақсартудағы, өмір сапасын арттырудағы және тең мүмкіндіктер қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Тыңдаушылар сапалы білім алу арқылы болашақта тұрақты табысқа қол жеткізуге және қоғамның дамуына үлес қосуға болатынын түсінді.

ТДМ 2 аясында дұрыс тамақтану, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері қозғалды. Тыңдаушыларға салауатты өмір салты мен теңгерімді тамақтанудың адам денсаулығына және қоғамның тұрақты дамуына әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың ауыл шаруашылығы мен ғылым арқылы азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі атап өтілді.

Бұл мақсат шеңберінде адамның физикалық және психологиялық денсаулығының маңыздылығы сөз болды. Тыңдаушыларға денсаулықты сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, стрессті басқару және белсенді өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Білім беру ортасының жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Іс-шараның негізгі басымдығы ТДМ 4-ке берілді. Тыңдаушыларға сапалы білімнің тұлғаның жан-жақты дамуының, кәсіби қалыптасуының және қоғамның тұрақты дамуының негізі екені түсіндірілді. Университеттің білім беру сапасын арттырудағы, тең және қолжетімді білім ұсынудағы рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, өмір бойы білім алу қағидатының маңыздылығы атап өтілді.

Өткізілген іс-шара тыңдаушылардың Тұрақты даму мақсаттары туралы білімін кеңейтіп, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырды. Тыңдаушылар сапалы білім алу, денсаулықты сақтау және қоғамдағы теңдікті қамтамасыз ету жолында әрбір адамның жеке үлесі маңызды екенін түсінді. Мұндай тәрбиелік-танымдық іс-шаралар жастардың саналы азамат болып қалыптасуына және тұрақты болашақ құруға бағытталған.