«Жасанды интеллект: технологиялық революцияның негізі» атты вебинарFarabi University

«Жасанды интеллект: технологиялық революцияның негізі» атты вебинар

3 қазан, 2025

2025 жылдың 3 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерделеудің» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен AI-SANA бағдарламасы аясында «Жасанды интеллект: технологиялық революцияның негізі» атты вебинар өткізілді. Вебинарды арнайы шақырылған спикер Механика-математика факультетінің Есептеу ғылымдары мен статистика кафедранысың доценті, PhD Даркенбаев Дарын Қадырұлы Менситова Гульзинат Исабеккызы жүргізді.

Вебинар барысында жасанды интеллекттің негізгі түсінігі мен даму кезеңдері, ЖИ қолдану салалары түсіндірілді.

Вебинарда арнайы назар Қазақстанның бай тарихи мұрасын зерттеуде ЖИ қолдану мүмкіндіктеріне аударылды:

            •          Мұрағаттық құжаттарды индекстеу: ұлттық мұрағат құжаттарын цифрландыру және автоматты іздеуді қамтамасыз ету.

            •          Көне деректерді тану: қазақ тіліндегі араб, латын және көне түркі жазуындағы мәтіндерді тану және аудару.

            •          Статистикалық деректерді талдау: Кеңестік кезеңнің әлеуметтік-экономикалық деректерін қайта талдап, жаңа нәтижелер алу.

Тарихшы мамандар үшін жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа міндеттер көрсетілді:

            •          Оқыту процесіне енгізу: ЖИ құралдарын пайдаланып, студенттерге деректерді талдау дағдыларын үйрету.

            •          Тарихнаманы кеңейту: ЖИ зерттеу әдістерін тарих ғылымының әдіснамасына интеграциялау.

            •          Интердисциплинарлық жобалар: IT + тарих бағытындағы бірлескен зерттеу жобаларын дамыту.

Вебинар алғаш рет 1 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін арнайы бейімделген форматта өткізілді. Қатысушылар заманауи технологияларды гуманитарлық зерттеулерде қолдану жолдарын, оның ішінде тарихи деректерді, мәдени мұраны және әлеуметтік құбылыстарды зерттеуді жетілдіру әдістерін түсініп, тәжірибелік дағдыларға ие болды.

            Орталық директоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент Хабижанова Гульнара Болатовна осындай вебинарлардың болашақ зерттеулер үшін маңыздылығын атап өтті.

      Вебинарды тарих факультетінің ҚОЖ координаторы Г.И. Менситова, орталық директоры Г.Б. Хабижанова және Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.О. Кошымова ұйымдастырды.