Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде ғылыми серіктестікті нығайтуFarabi University

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде ғылыми серіктестікті нығайту

30 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша әріптестік аясында Физикалық химия катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушылары — профессор Л.Р. Сасықова, доцент Н.К. Жакирова және аға оқытушы Ф. М. Қанапиева А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтына барды.
Сапар барысында ғылыми және білім беру ынтымақтастығының перспективалары, катализ және мұнай-химия саласындағы бірлескен зерттеулердің бағыттары, сондай-ақ орнықты дамуға және өзекті экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Кафедра докторанттары мен магистранттарына А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының жетекші ғалымдары мен профессорларына ғылыми жетекшілік ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер ғылыми ұйымдар арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға және қолданбалы химия ғылымын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

 

Профессор Л.Р. Сасықова, доцент Н.К. Жакирова және аға оқытушы Ф. М. Қанапиева