Республика күнімен, Қазақстан!Farabi University

Республика күнімен, Қазақстан!

24 қазан, 2025

Республика күнімен, Қазақстан!
Бүгін, 24 қазан күні, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінде Қазақстан Республикасының күніне арналған патриоттық іс-шара өтті.
🎯 Іс-шараның мақсаты: жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту — бұл Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) рухында өткізілді, атап айтқанда:
• ТДМ 4 — Сапалы білім беру 📘
• ТДМ 16 — Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар 🕊️
• ТДМ 17 — Тұрақты дамуға арналған серіктестік 🤝
Факультет студенттері мен оқытушылары Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, елге деген мақтаныш сезімін және жарқын болашаққа деген сенімін білдірді.
💬 Қазақстан әрқашан бейбіт, бақытты және өркендеген ел болып қала берсін, ал көк туымыз көкте мәңгі желбірей берсін! 🇰🇿
Ұйымдастырушылар: эдвайзерлер Кайралапова Г.Ж., Иминова Р.С., Жумагалиева Ш.Н., Кудайбергенова Б.М. , ФӨТ мамандығының 1, 4-курс және ХЭ мамандығының 3-курс студенттері