Академиялық ұтқырлық аясындағы бірлескен жұмысFarabi University
Референдум 15 марта

Академиялық ұтқырлық аясындағы бірлескен жұмыс

24 қараша, 2025

24–28 қараша аралығында әріптестеріміз Умбетов А.К. және Даулетова М.Д. Ташкент фармацевтика университетінің 4-курс студенттеріне «Токсикологиялық химия» пәні бойынша (14 сағат) зертханалық сабақтар өткізді.
Сабақтар токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Д.А. Зулфикариева, х.ғ.д., профессор Юлдашев Закирджан Абидович, сондай-ақ PhD, доцент Нурматова Малохат Исматовна жетекшілігімен өтті.
Бұл күндер студенттер үшін теория мен тәжірибе тоғысқан ерекше кезең болды — зертханалық үстелдерде жаңа білім бүршіктеп, пікірталастар нақты әрі сенімді жауаптарға ұласты.
Ташкент фармацевтика институтына көрсеткен ықыласы мен ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.
Осындай бірлескен кездесулер кәсіби байланыстарды нығайтып, ғылым кеңістігін одан әрі кеңейтеді.