ТДМ 13 «Климаттың өзгеруімен күрес»Farabi University

ТДМ 13 «Климаттың өзгеруімен күрес»

4 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің 105-топ 1-курс студенттері 13-ші тұрақты даму мақсаты — Климаттың өзгеруімен күрес тақырыбы бойынша танымдық сапар ұйымдастырды. Біз топпен ЭкоХаб орталығына барып, табиғи өнімдердің қалай дайындалатынын және олардың климатқа әсерін өз көзімізбен көріп, мамандардан тың ақпарат алдық.

ЭкоХабтағы мамандар бізге қалдықсыз өндіріс, экологиялық таза материалдар және тұтыну мәдениетін өзгерту арқылы климатқа түсетін қысымды қалай азайтуға болатынын түсіндірді. Табиғи өнім жасаудың әр кезеңі климатқа зиян келтірмеуді мақсат ететінін байқау бізге үлкен ой салды .

Бұл тәжірибе бізді табиғатты қорғаудың маңызын терең сезінуге жетелеп, күнделікті өмірде экосана қалыптастыруға мотивация берді. Осындай іс-шаралар заң факультетінің студенттеріне экологиялық жауапкершілікті сезінуге және саналы өмір салтын ұстануға ықпал етеді.

 
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы