Климаттың өзгеруіне өсімдік экожүйелерінің бейімделуі және биоресурстарды орнықты пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел ЦУР 12 (жауапты тұтыну және өндіріс), ЦУР 13 (климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) және ЦУР 15 (құрлық экожүйелерін сақтау) бағыттары аясында ұйымдастырылдыFarabi University

Климаттың өзгеруіне өсімдік экожүйелерінің бейімделуі және биоресурстарды орнықты пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел ЦУР 12 (жауапты тұтыну және өндіріс), ЦУР 13 (климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) және ЦУР 15 (құрлық экожүйелерін сақтау) бағыттары аясында ұйымдастырылды

15 қаңтар, 2026

15 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және биотехнология факультетінің ботаника және агроэкология кафедрасында «Климаттың өзгеруіне өсімдік экожүйелерінің бейімделуі және шөлейтті өңірлерде биоресурстарды тиімді пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында климаттың өзгеруінің құрлық экожүйелеріне әсері, биоалуантүрлілікті сақтау және шөлді аймақтар жағдайында дәрілік өсімдіктерді тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Дөңгелек үстелдің тақырыбы ТДМ 13 (Климаттың өзгеруімен күрес), ТДМ 15 (Құрлық экожүйелерін сақтау) және ТДМ 12 (Жауапты тұтыну және өндіріс) басымдықтарына сәйкес келді.

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамының 10 өкілі және 15 докторант қатысты. Дөңгелек үстел аясында б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамурова Асем Тлеужановнаның жетекшілігімен ботаника және агроэкология кафедрасының 3-курс PhD докторанты Кайранова Гүлзат Қанатқызы «Іле-Балқаш өңірі жағдайында Zygophyllum fabago L. өсімдігінің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайын бағалау» бойынша зерттеу нәтижелерімен баяндама жасады.

Ботаника және агроэкология кафедрасы