География және табиғатты пайдалану факультетінде докторанттарға арналған ғылыми семинарлар өттіFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультетінде докторанттарға арналған ғылыми семинарлар өтті

17 қаңтар, 2026

География және табиғатты пайдалану факультетінде ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында докторлық диссертацияларды уақытылы қорғау мәселелеріне және докторанттардың қорғауға шықпау себептерін талдауға арналған ғылыми семинарлар өткізілді.

Іс-шаралар 9 қаңтарда (2023 жылғы түлектер үшін) және 15 қаңтарда (2024 жылғы түлектер үшін) ұйымдастырылып, семинар жұмысына докторанттар мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

Семинар барысында диссертациялық зерттеулердің орындалу барысы қарастырылып, докторлық диссертацияларды даярлау мен қорғау мерзімдеріне әсер ететін негізгі ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелер талданды, сондай-ақ ғылыми жұмыстарды аяқтаудың жеке траекториялары талқыланды.

Докторанттардың ғылыми зерттеулерінің сапасын арттыру, жарияланымдық белсенділігін күшейту және диссертацияларды дайындаудың күнтізбелік кестелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған семинарларды өткізу факультеттің ғылыми кадрларды даярлау тиімділігін арттыруға, академиялық әлеуетті дамытуға және жоғары білім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.