ТДМ 4 аясында оқушылармен кәсіби бағыт бағдар кездесуі өттіFarabi University

ТДМ 4 аясында оқушылармен кәсіби бағыт бағдар кездесуі өтті

23 қаңтар, 2026

2026 жылғы 23 қаңтарда археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры Тәттігүл Ерсайынқызы кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесті. Іс-шара барысында этнография, этноэкология және этнозоология бағыттарында жарық көрген «Шығыс, оңтүстік-шығыс қазақтары…», «Адам және қасқыр» кітаптарын таныстыру арқылы этнология және ескерткіштану салалары аясында мазмұнды ғылыми-танымдық дискурс жүргізілді.

Кездесу Алматы қаласы Әуезов ауданының «Комьюнити» орталығында, ЖСДП партиясының және Алматы қаласы бойынша жетекшісі Нұржан Ибрагимовтың шақыртуымен өтті. Іс-шараға ауданның орыс мектебінің үздік оқушылары, соның ішінде қазақ кітабының жас оқырмандары қатысты.

Кездесу барысында тарихи туризм мәселелері де қозғалып, жас буынның ұлттық тарих пен мәдени мұраға қызығушылығын арттыру жолдары талқыланды. Жастарды мазмұнды диалогқа тарта білу олардың қоғамдық және мәдени бастамаларға белсенді араласуына ықпал ететіні атап өтілді.