ҚазҰУ-да ТДМ 4 аясында ««First Robotics» ғылыми-зерттеу жобасы аясында оқушылармен кездесу өттіFarabi University

ҚазҰУ-да ТДМ 4 аясында ««First Robotics» ғылыми-зерттеу жобасы аясында оқушылармен кездесу өтті

23 қаңтар, 2026

2026 жылғы 23 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс докторанты Төлегенов Т.Ж. педагогикалық практика аясында  Талғар қаласынан келген «Дарын» инновациялық мектебінің 9-сынып оқушыларына «First Robotics» ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу аясында ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың инженерлік-техникалық және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, робототехника саласындағы жобалық жұмыс жүргізу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында:

«First Robotics» жобасының талаптары мен құрылымы түсіндірілді;

-        ғылыми зерттеу тақырыбын айқындау және жобаны жоспарлау бойынша кеңестер берілді;

-        тәжірибелік тапсырмалар арқылы оқушылардың жобалық жұмыс жүргізу қабілеттері жетілдірілді.

Іс-шара мектеп оқушыларының ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға және олардың жоғары білім беру кеңістігімен ерте кәсіби бағдарлануына ықпал етті.